Құрметті пациенттер!
Сіздің «онлайн-рецептіге тапсырыс беру» қызметін пайдалану мүмкіндігіңіз бар, егер Сіз:
- №1 қалалық емханаға тіркелген болсаңыз;
- диспансерлік есепте тұрсаңыз және үнемі дәрігердің қадағалауында тұрсаңыз;
- амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмектерді тегін алуға мемлекеттік кепілдіктерді пайдаланушы болсаңыз.
Тапсырысты ресімдеу үшін сауалнаманы толтырыңыз және «Жіберу» түймесін басыңыз. Сіздің тапсырысыңыз 24 сағат ішінде қаралатын болады. Содан кейін Сізбен байланысып, рецептіңізді қайдан алатыныңыз туралы хабарлаймыз.
Рецепт емделушінің өзіне жеке куәлігін көрсеткен жағдайда ғана беріледі!