KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Міндетті медициналық сақтандыру (МӘМС)

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл денсаулықты сақтау саласында мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жері мен табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділікке кепілдік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) – ауру, жарақат, жүктілік және босану, мүгедектік және кәрілік кезеңінде денсаулығын қорғауда халықтың мүдделерін әлеуметтік қорғаудың бір түрі.

Көптеген дамыған елдер МӘМС-ті таңдады, бұл қаражатты мұқтаждығы аздардан қаражатқа мұқтаждығы көптерге қайта бөлуге мүмкіндік береді.

МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген. Бұл ретте мемлекет экономикалық белсенді емес халық үшін жарналарды жүзеге асыратын болады. Жұмыс берушілер-жалдамалы жұмысшылар үшін. Салық органдарында тіркелген қызметкерлер мен өзін – өзі жұмыспен қамтыған азаматтар - өздері үшін. Осылайша, қаржыны тиімді бөлу принципі қолданылады - аз мұқтаждардан көп мұқтаждарға ортақ жауапкершілік негізінде «бүгін сіз басқаларға көмектесесіз – ертең барлығы сізге көмектеседі».

Медициналық сақтандыру қорына кірістерге пропорционалды аударымдар жасай отырып, Сіз дәрігердің қабылдауынан бастап МӘМС пакеті шеңберінде толықтай қымбат операцияларға дейін кез келген клиникада медициналық қызметтердің барлық түрлеріне қол жеткізу құқығын аласыз.


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: