Куляпина Елена Александровна
№2 учаскелік қызмет бөлімшесінің меңгеруші, 1-ші біліктілік санаты бар, жұмыс өтілі 10 жыл.
Телефон: 626-226 (қосымша: 311)
Исахметова Карашаш Ислямбековна
№2 учаскелік қызмет бөлімшесінің аға мейіргері, жоғары біліктілік санаты бар, жұмыс өтілі 33 жыл.
Телефон: 626-226 (қосымша: 305)
№1 қалалық емхананың № 2 жалпы дәрігерлік медицина бөлімшесі тұтас бөлімше. Білікті медициналық көмекті жалпы практика дәрігерлер, учаскелік фельдшерлер мен учаскелік мейіргерлер тіркелген халыққа емханада және үйіне де барып көрсетеді.
Бөлімшенің қызмет көрсету аумағы 8 учаскеге бөлінген, әрбір учаскеде бекітілген халықтың 1700 –ден 2200-ге дейін адам бар. Әр учаскеге бір терапевт дәрігер, фельдшер және екі учаскелік мейіргер қызмет көрсетеді.
№1 емхана учаскелерінің шекарасы
Жалпы практика дәрігерлері, терапевт дәрігерлер, фельдшерлер мен мейіргерлер терапиялық медициналық көмек көрсетеді.
№2 Жалпы дәрігерлік медицина бөлімшесінің учаскелері: № - 7, 9, 12, 13, 14, 15, 22, 43.
№2 Жалпы дәрігерлік медицина бөлімшесінің негізгі міндеттері
- дәлелді медицинаға негізделген алдын алу, диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін қолдану арқылы білікті терапиялық көмек көрсету,
- тіркелген халыққа диспансеризация бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру,
- тіркелген халықтың нысаналы топтарының скринингтік алдын алу тексеруге келуін қамтамасыз ету,
- тіркелген халыққа және емхананың қызмет көрсететін аумағында орналасқан ұйым мен кәсіпорын қызметкерлеріне алдын ала дәрі егулерін ұйымдастыру және тексеру.
