Башмаков Анатолий Афанасьевич

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК Байқау кеңесінің төрағасы, 1949 жылы 15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданы Қарақоға селосында туған.
1972 жылы Петропавл педагогикалық институтының тарих факультетін тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді.
1986 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтының агрономия факультетін ғылыми агроном мамандығы бойынша бітірді.
2005 жылы саяси ғылымдар кандидаты ғылыми атағын қорғады, диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара маңы ынтымақтастығының әлеуметтік-саяси мәселелері».
2007 жылы экономика ғылымдарының докторы ғылыми атағын қорғады, диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасының экономикасы және қоғамдық ортасы: өзара әсер ету теориясы мен механизмі».
Жұмыс тәжірибесі:
1972 - 1975 жж — Солтүстік Қазақстан облысында мектеп директоры
1975 - 1978 жж — Аудандық комитет хатшысы, Солтүстік Қазақстан облыстық комитет хатшысы
1978 - 1992 жж — Аудандық комитеттің бөлім меңгерушісі, облыстық комитеттің бөлім меңгерушісінің орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы Компартиясының Петропавл қалалық комитетінің хатшысы.
1992 - 2002 жж — - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2002 -2003 жж — Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Азық-түлік корпорациясы директорының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл экономикалық колледжінің директоры.
2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Л. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі.
Сайланбалы лауазымдар, депутаттық
2002-2014 жылдары- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаты, Солтүстік Қазақстан облысынан, Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комитеттің мүшесі.
Басқа лауазымдар
Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдары қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қазақстанның орыс, казак және славян ұйымдары қауымдастығының Астана филиалының төрағасы.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2008 жылдан бастап).
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (2017 жылдан бастап).
ҚР Парламентінің Ресейдегі, Жапониядағы, Оңтүстік Кореядағы, Чехиядағы, Польшадағы, Еуропалық Парламенттегі, НАТО-дағы өкілі.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі, Польша Республикасының Сенатымен, Корея Республикасының Ұлттық Жиналысымен ынтымақтастық тобының мүшесі «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі Бюросының мүшесі.
Романовский Роман Владимирович

«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі, 19.02.1982 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Пресновка ауданы Пресновка ауылында дүниеге келген.
2002 жылы мемлекеттік Петропавл экономикалық колледжін, 2008 жылы Тюмень мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы СҚО Пресновка ауылындағы Жамбыл АЭЖ бақылаушысы ретінде бастаған.
2005 жылдан СҚО Пресновка ауылы Жамбыл аудандық сотының жетекші маманы сот приставы болып жұмыс істеді.
2008 жылдан бастап СҚО Петропавл қ. «Сев Казавтокөлік кәсіпорны» ЖШС №1 автоколоннасының механигі болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап СҚО Пресновка ауылының «Жамбыл ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері» КМҚК кадрлар инспекторы болып жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап Петропавл қ. «СҚО Денсаулық сақтау басқармасы» ММ әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап Петропавл қ. «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және ұйымдастыру-әкімшілік жұмыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап Петропавл қ. «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ цифрландыру және ұйымдастыру-әкімшілік жұмыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2021 жылдың желтоқсан айынан бастап Петропавл қ. «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың мамыр айынан бастап Петропавл қ. «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Сураганова Сауле Куандыковна

«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі, 1973 жылы 3 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Преснов ауданы «Пресновский» совхозында дүниеге келген.
1990 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград қаржы-экономикалық техникумында «Мемлекеттік бюджет» мамандығы бойынша оқыды, «қаржыгер» біліктілігі берілді.
2001-2004 жылдары Көкшетау университетінде «Қаржы және кредитка» мамандығы бойынша оқыды, «экономист» біліктілігі берілді. Сондай-ақ, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің аттестаттау комиссиясының шешімімен 2024 жылғы 12 шілдеде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 1992 жылы 14 қыркүйекте Тимирязев ауданында директордың жастар жұмысы жөніндегі орынбасары болып бастады.
1996 жылғы 3 мамырдан 1999 жылғы 7 қыркүйекке дейін Халық жинақ банкінің Пресновка филиалында бақылаушы болып жұмыс істеді. 1999 жылғы 8 қыркүйектен бастап зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықта маманнан басшыға дейін әртүрлі лауазымдарда, ал 2016 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2020 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды, 2021 жылы бюджет, қаржы, экономика салаларын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы қызметіне сайланды.
Ибраев Дулат Магжанович

«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі, 1973 жылы 22 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Пресновский (қазіргі Жамбыл) ауданы Буденный ауылында дүниеге келген.
1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 31.01.1996 жылға дейін Руденко ат. (бітірген кезде Орал мемлекеттік заң академиясы) Свердлов заң институтының сот-прокурорлық факультетінің күндізгі бөлімінде студент болды. Өндірістік практикадан өту кезеңінде 1995 жылдың тамыз айынан қыркүйек айына дейін СҚО Мамлют ауданы прокуратурасы тергеушісінің міндетін атқарушы болып жұмыс істеді. Осы ЖОО-ны «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, «заңгер» біліктілігі берілді.
ЖОО бітіргеннен кейін, 1996 жылғы 8 мамырдан бастап СҚО Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі ретінде тағылымдамадан өтуші болып қабылданды, 1996 жылғы 20 қарашада Петропавл қаласы прокурорының көмекшісі болып тағайындалды. Кейін прокуратура органдарында қызмет атқарды:
1997 ж. 23.07. бастап 1998 ж. 16.09. дейін – СҚО Прокурорының кадрлар жөніндегі көмекшісі,
1998 ж. 16.09. бастап 1998 ж. 09.12. дейін – ҚР Бас прокуратураның ұйымдастыру-бақылау басқармасының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің аға прокуроры (Ақмола қ.),
1998 ж. 07.12. бастап 2000 ж. 24.01. дейін - СҚО Қызылжар ауданы прокурорының орынбасары (СҚО Қызылжар ауданы Бескөл ауылы),
2000 ж. 24.01. бастап 2000 ж. 19.06. дейін – СҚО Прокуратурасының ОРД заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау бөлімі бастығының орынбасары,
2000 ж. 19.06. бастап 2001 ж. 29.03. дейін – СҚО Петропавл қаласы прокурорының орынбасары,
2001 ж. 29.03. бастап 2003 ж. 20.01. дейін – СҚО прокурорының ішкі қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі,
2003 ж. 20.01. бастап 2006 ж. 13.01. дейін – СҚО Петропавл қаласы прокуратурасының мемлекеттік органдарының қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы,
2006 ж. 13.01. бастап 2009 ж.29.06. дейін. - аға прокурор, СҚО прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары. СҚО прокуратура органдарынан өз өтініші бойынша жұмыстан босатылды.
2009 ж. 01.07. бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты.
Козак Александр Иванович

«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК Бақылау кеңесінің мүшесі, 1982 жылы 15 қаңтарда Көкшетау облысы Чкалов ауданы Новодворовка ауылында дүниеге келген.
1999 жылдан 2001 жылға дейін Көкшетау қаласындағы «Әділет» Жоғары құқық мектебінің колледжінде «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды.
2001 жылдан 2004 жылға дейін Көкшетау қаласындағы «Әділет» Жоғары құқық мектебінде заңгер мамандығы бойынша сырттай оқыды, заңгер біліктілігі берілді.
2001 жылдан 2018 жылға дейін Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Трансавто» БК ЖШС заң кеңесшісі, заң бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін заңгерлік жеке практикамен айналысқан, «ZANGER» Солтүстік Қазақстан заң консультанттары палатасының мүшесі.
Шайдулин Теймур Равилевич
«СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «№1 қалалық емахана» ШЖҚ КМК бақылау кеңесінің хатшысы, 02.11.1989 ж.т., білімі-жоғары. 2012 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2015 жылдың қаңтар айынан бастап «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК заңгер болып жұмыс істейді. Мамандығы бойынша жалпы жұмыс өтілі: 9 жыл, 2 ай. Бақылау кеңесінің хатшысы жұмысындағы жұмыс өтілі: 6 жыл, 5 ай.