KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Пациенттің және оның отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат

Пациенттің құқықтары:

  • Құрметпен қарауға, қысымшылықтан қорғану еркіндігі;
  • Жеке өмірінің дербестігі;
  • Тегін медициналық көмектiң кепiлді көлемiн алу құқығы;
  • Аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану бойынша шараларды жүргізу құқығы;
  • Медициналық көмек, сапасы мен қауіпсіздігіне қолжетімділік құқығы;
  • Толық ақпарат алу және ақпараттандырылған шешім қабылдау құқығы;
  • Таңдау еркіндігі құқығы;
  • Ақпаратты жарияламау құқығы;
  • Қорғау және қауіпсіздігі құқығы;
  • Қандай да бір мүмкiндiк шамада дерт зардабын жеңiлдетуді сұрау құқығы;
  • Репродуктивтік денсаулығын қорғау құқығы;
  • Арыз-шағымдар жасау құқығы;
  • Пациенттің өміріне зиян келтірілген жағдайда шығынның орнын толтыруға.

Пациент міндетті:

  1. өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға шаралар қабылдауға;
  2. медицина қызметкерлерімен қатынаста сыйластық пен сабырлылық көрсетуге;
  3. медициналық араласуға келісім бергеннен кейін диагноз қою және ауруды емдеу үшін қажетті бүкіл ақпаратты дәрігерге хабарлауға, емдеуші дәрігердің барлық нұсқамаларын мүлтіксіз орындауға;
  4. ол жатқан медициналық ұйымның ішкі тәртібінің ережелерін сақтауға, медициналық көмек алу кезінде медициналық персоналмен ынтамақтастық жасауға, денсаулық сақтау ұйымының мүлкін ұқыпты сақтауға;
  5. диагностика мен емдеу процесінде өз денсаулығы жай-күйінің өзгерісі туралы, айналасындағы адамдарға қатері бар аурудың орын алуына күдіктенсе немесе ол бар болса, медициналық қызметкерлерді уақтылы хабардар етуге;
  6. басқа пациенттердің құқықтарын бұзуы мүмкін іс-әрекет жасамауға.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі» (2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: