KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Педиатриялық бөлімшесі

Әбіл Айнұр Нұрдәулетқызы

Әбіл Айнұр Нұрдәулетқызы




Педиатриялық бөлімшенің меңгерушісі, медициналық жұмыс өтілі 5 жыл.



Телефон: 625-626 (қосымша: 323)






Бондарь Надежда Николаевна

Бондарь Надежда Николаевна




Педиатриялық бөлімшенің аға мейіргері, Жоғары біліктілік санаты бар , жұмыс өтілі 33 жыл.

Телефон: 625-626 (қосымша: 322)







№1 қалалық емхананың педиатриялық бөлімшесі балаларға қызмет көрсетеді. Педиатриялық көмекті 7 аймақтық педиатрия бөлімшесі көрсетеді. Сонымен қатар мамандандырылған көмек және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, күндізгі стационар және клиникалық-диагностикалық зертхана жұмыс істейді.

Жас пациенттерді емханада қабылдау таңғы сағат 800-ден кешкі сағат 2000-ге дейін жүргізіледі. Бір жасқа дейінгі балаларды ай сайын қабылдауға шақырады. Баланы дамыту кабинеті жұмыс істейді. Бұл кабинетте психо-физиологиялық және аудиологиялық скрининг жүргізіледі. Кабинет фельдшері бала күтімі. Тамақтандыру. Қосымша тамақ беру, дамыту және тәрибиелеу, сонымен қатар қауіптік жалпы белгілері бойынша кеңес береді. Фельдшер емшек сүтімен қоректендіруді қалыпқа келтіруге көмектеседі, бала жасындағы ауруларды интегралды жүргізу бағдарламасының негізгі қағидаларын түсіндіреді.

Әрбір педиатрия учаскесі 3 маманмен жасақталған:педиатр , фельдшер және мейірбике . Фельдшер педиатр мен мейірбике арасындағы байланыстырушы звено ретінде жүкті әйелдерге, 1 жасқа дейінгі балаларға патронаж жасайды, шақыру бойынша 15 жасқа дейінгі балалардың үйлеріне барып қызмет көрсетеді, иммунопрофилактиканы жоспарлайды, диспансеризация жүргізеді.

Иммунопрофилактика егу кабинетінде жүргізіледі. Егу кабинеті бекітілген балаларды жеке күнтізбе бойынша инфекцияларға қарсы екпе жасайтын вакциналар сақталатын заманауи тоңазытқыш құралымен жабдықталған. Сонымен қатар Емшара кабинеті жұмыс істейді. Кабинет веновизор, ультрадыбыстық диагностика, функционалдық диагностика аспаптарымен жасақталған.

Дене қызуы жоғары және жөтел белгілері бар науқас балаларды Ульянов к, 64 мекенжайы бойынша фильтрде сағат 8:00- 18:00 дейін, демалыс және мереке күндері сағат 9:00 - 14:00 дейін қабылдау жүргізіледі.

Қабылдау жүргізетін мамандар:

  • Отоларинголог
  • Ортопед және хирург
  • Эндокринолог
  • Невропатолог
  • Офтальмолог
  • Нефролог
  • Фтизиатр
  • Психолог
  • Логопед

Детское отделение


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: