«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.
Жастар денсаулық орталығы (ЖДО) – МСАК құрылымдық бөлімшесі болып табылады, жастарға қызмет көрсетеді және жасөспірімдер мен жастарға емдік-профилактикалық көмек көрсетеді.
ЖДО қызметтері 14-29 жас аралығындағы халықтың жас тұрғындарына көрсетіледі.
ЖДО мақсаттары:
- репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша 14 - 29 жас аралығындағы жастардың хабардар болу деңгейін арттыру;
- отбасын жоспарлау және жүктілікті жоспарлау;
- АИТВ инфекцияларының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу;
- нашақорлықтың алдын алу;
- суицидтің алдын алу;
- салауатты өмір салтын ұстануын тиімді дамыту.
ЖДО міндеттері:
- Консультациялық және медициналық-психоәлеуметтік көмекті қамтамасыз ету;
- Жасөспірімдерді СӨС дағдыларын игеруге және қалыптастыруға үйрету;
- Оқу-әдістемелік, ақпараттық материалдарды дайындау;
- Жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік-құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- Сектораралық және ведомствоаралық ынтымақтастық.
Орталық құрамына енетін мамандар:
- Акушер-гинеколог дәрігер (Ульянов к, 64, мекенжайы бойынша орналасқан балалар бөлімшесі),
- Уролог дәрігер (№204),
- Заңгер (алдын ала телефон соғу),
- Акушер (Ульянов к, 64, мекенжайы бойынша орналасқан балалар бөлімшесі),
- СӨС мейіргері (№114),
- Психолог (№226),
- Психиатр (№323),
- Әлеуметтік қызметкерлер (№111).