KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

№1 қалалық емхана ұжымы туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады

№1 қалалық емхана  ұжымы туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады

2024 жылғы 2 ақпанда  жақсы басшы болған,  көп  жылдар медицинаға  өмірін арнаған  - Лярский Александр Евгеньевич өмірден озды.

Александр Евгеньевич  1951 жылы 24 қыркүйекте өмірге келген.

1956  жылы ата-аналарымен бірге  Петропавл қаласына көшіп келген.  

1968 жылы Петропавл қаласында №2 мектепті бітіргеннен соң, Қарағанды медицина университетінің «Жалпы хирургия» кафедрасында жұмыс істеді.  

1970-1973 жж  Северный флотта ӘТФ әскери  міндетін атқарды.  

1973 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтына оқуға түсіп, оны 1979 жылы бітіріп, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша диплом алды. Интернатураны  Петропавл қ. СМС облыстық бюросы базасында өтті.

1980 жылдан 1981 жылға дейін Тимирязев ОАА сот-медициналық сарапшысы болып жұмыс істеді. 1981 жылдан 1982 жылға дейін Тимирязев ОАА-да бас дәрігердің ұйымдастыру әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

1982 бастап 1986 жылға дейін Тимирязев аудандық ауруханада ренгенолог дәрігер болып жұмыс істеді.

1986 жылдан бастап  Бірінші қалалық біріккен аурухананың рентгенолог дәрігері болып жұмыс істеді.

2001-2003 жж.  №1 қалалық емхана МҚКК рентгенолог дәрігері.

2003-2014 жж. «№1 қалалық емхана» КМҚК бас дәрігері болып қызмет атқарды.

2014 жылдан бастап  2023 жылғы 1 шілдеге дейін  дейін «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК зертханалық-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі лауазымында жұмыс істеді.

2011 жылы  Қазақстан Республикасы  Президентінің  Жарлығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына  орай Қазақстан Республикасының  Тұңғыш  Президенті медалімен марапатталды.   

2021 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.  

№1 қалалық емхана  ұжымы туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.  Оны ешқашан ұмытпаймыз.  Мәңгі жадымызда  қалады!

Жатқан жері жайлы болсын! 


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: