KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ «No 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2024 жылғы 01 сәуірден бастап басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.


Талданатын кезең 2023 жылдың тамыз айынан бастап 2024 жылдың наурыз айын қоса алған кезең.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 01 сәуірге дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз priemnaya@1gorpol.kz Сұрақтар туындаған жағдайда 8(715-2) 62 53 25 телефоны бойынша хабарласу қажет.

Сыбайлас жемқорлық - жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және олармен байланысты мүмкіндіктерді жеке өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдалануы өзіне не үшінші тұлғаларға, сол сияқты осы тұлғаларға игіліктер мен артықшылықтар беру арқылы пара беру.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу және олардың салдарын жою жөніндегі өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қызметі.

Мұны білу керек!

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпараты бар адам қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығын не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органды хабардар етеді.

Мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган заңға сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабарлама бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте көтермеленеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіпте беріледі. Аталған ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Медицинада параның ең көп таралған түрлері:

  • еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және денсаулық жағдайы туралы, қандай да бір жұмыстарды орындауға рұқсат беру туралы, спорттың қандай да бір түрімен айналысуға рұқсат беру туралы, дене шынықтырудан босату туралы түрлі анықтамаларды алғаны үшін.
  • белгілі бір медициналық фактілерді растағаны немесе жасырғаны үшін (көбінесе ұрып - соғу және басқа дене жарақаттары)
  • "қажетті" рецепт жазып бергені үшін
  • өлімнің шынайы себебін бұрмалағаны үшін
  • еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзартқаны үшін.

Сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты білдің бе – 1414 телефонына қоңырау соқ!

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!



Жауапты: комплаенс-менеджер Әбілкәрімов Ерлан Жилкелдиевич - ‎+7 705 412 9912


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық

Корпоративтік этика кодексі

Мүдделер қақтығысын анықтау және реттеу саясаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы ереже

«СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу хаттамасы (2024.наурыз)

Талдамалық анықтама

Талқылау хаттамасы


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: