Блогымда Сіздермен сұхбат жүргізе алатыныма шын жүректен қуаныштымын!
Осы интерактивті ресурс Сіздермен ашық сұхбаттасудың, денсаулық сақтауды дамыту мәселелерін және біздің емханада сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесін талқылаудың оңтайлы алаңы болады деп сенемін.
Мен және менің әріптестерім, сындарлы сұхбат жүргізуге дайынбыз. Біздің құзырымызға қатысты қойған сұрағыңыздың бірде-бірін жауапсыз қалдырмауға тырысамыз.
Біздің емханадағы медициналық көмек көрсету мәселелеріне көңіл бөлгеніңізге және біздің азаматтардың денсаулығын жақсарту бойынша сындарлы ұсыныстарыңыз үшін Сіздерге ризашылық білдіремін.
Бәріміз бірлесіп қана медициналық қызмет көрсету деңгейін көтереміз, тіркелген халықтың денсаулығын нығайтамыз және азаматтарымыздың өмір сапасын жақсарта аламыз.
Блогымызға қош келдіңіздер және қарым-қатынасымыз екі жақты тиімді болсын!
Құрметпен,
«№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК директоры
Николай Новиков
Cіз өтіп бара жатқан жылмен қоштасарда, әдетте келер жылға үлкен үміт артамыз. Өткен жылдың әрбір күні қай-қайсымыздың да төзімділігімізді тексерген сынақтарға толы болды. Біз мүлдем жаңа, нақты жағдайда өмір сүруге, білім алуға, жұмыс істеуге дағдыландық. Жаңа жылдың қарсаңында шын жүректен Сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймыз!!! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа қуаныш пен бақыт әкелсін! Барлық ізгі тілектеріңіз бен үміттеріңіз еселене орындалсын! Жаңа жылдарыңызбен!!!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы биіктеп, Жеңістің жалауы желбіреген күн. Ел тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы бейбіт күннің арқасы. Ұлы мереке қарсаңында сіздерге зор денсаулық, тіршіліктің ұзақ әрі жарқын, алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін! Отбасыңыз аман болсын, тыныштық орнаған заман болсын!
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге келіп жеткен 2024 жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен толағай табыс тілеймін! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ - береке келсін! Жаңа 2024 жылда жоспарларыңыз іске асып, тілектеріңіз орындалсын! Жаңа 2024 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Өкініш - мұңымызды, қиындық сезінген сәттерімізді ескі Жылға қалдырып, Жаңа Жыл табалдырығын махаббатпен, мейіріммен аттайық, бізді алда тек қана қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік.
Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын!