KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

№1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ "ЖАС ӨРКЕН" ФИЛИАЛЫНА МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ ПЕН ДМИТРИЙ КОЛОДА КЕЛДІ

№1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ "ЖАС ӨРКЕН" ФИЛИАЛЫНА МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ ПЕН ДМИТРИЙ КОЛОДА КЕЛДІ Өткен жылдың күзінде Петропавлдағы «Жас өркен» ықшам ауданында №1-ші қалалық емхананың жаңа филиалы есігін айқара ашты. Жаңа филиалдың ашылуымен ұзын-сонар кезек мәселесі біржола шешілді. Емхана бір ауысымда 250 адамды қабылдай алады. Бүгінде емханада интернет мәселесі шешіліп жатыр. Жаңа медициналық мекеме 35 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді. Ал жалпы №1 қалалық емханада барлығы 75 мың адам тіркеуде тұр. Жаңа емхананың стационары 15 терапиялық жатын орынға есептелген. Сондай-ақ, емдеу мекемесі заманауи талапқа сай жарақтандырылған. Тұрғындар үшін рентген, флюорография, эндоскопиялық кабинет, функционалды диагностика, жеке зертхана, яғни, барлық диагностикалық қызмет түрлері көрсетіледі. ????«Ең бастысы жаңа емхананың ашылуымен біз ұзын-сонар кезек мәселесін шешеміз. Сондай-ақ, емдеу мекемесіне жаңа жабдықтар орнатылды. Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін қосымша учаскелер құрдық. Бүгінде 300-ге жуық маман еңбектеніп жатыр», - деді №1 емхананың директоры Николай Новиков. Мекеме жұмысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Еркебұлан Мәмбетов пен Дмитрий Колода танысты. Олардың айтуынша, жаңа филиалдың арқасында жұмысқа орналасу мәселесі де шешілуде. ????«Бұл - «Жас Өркен» шағын ауданында ашылып отырған алғашқы емхана. Петропавлдың жаңа дамып келе жатқан ауданына әлеуметтік нысандар қажет. Қазірдің өзінде инновациялық оқушылар сарайы, заманауи спорт кешені, жаңа театр бар. Енді емхана жұмыс істей бастады. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы әзірленіп жатқанда, біз бұл нысанды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша қостық. Мұнда қосымша 70-ке жуық қызметкер тартылатын болады. Бірден бірнеше мәселе шешілуде», - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еркебұлан Мәмбетов. Қазір мекеме басшылығы мамандарды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Барлық медициналық жоғары оқу орындарын аралап жаңа мамандарды іздеп жатыр. Негізінен емханаға жалпы тәжірибелік дәрігерлер қажет.

Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: