KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын одан әрі күшейту туралы


Эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген Пациенттер (ҚХР Гонконг САР, ҚХР Макао САР, Тайвань (ҚХР), Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Иран)

Жаңа типті коронавирустық инфекцияның (КВИ) ҚР аумағында таралуын ескерту, болдырмау және Сіздің денсаулығыңызды сақтау мақсатында төменде берілген алдын алу шараларын орындау қажет:

  • 14 күн үй карантинінде болу, қоғамдық орындарға бармау, қоғамдық көліктерге отырмау;
  • күн сайын кем дегенде 2 рет дене температурасын өлшеу;
  • үй-жайда кем дегенде 2 рет терезе ашып желдету
  • күн сайын сулы жуып-жинау жүргізу;
  • қолды жиі сабынмен жуу;
  • жекы ыдыс, жеке гигиена құралдары (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.)
  • аурушаңдық белгілері пайда болғанда (дене қызуының көтерілуі, мұрын бітелу, жөтел және т.б) жедел жәрдемді шақыру;
  • жөтелу этикетін сақтау ( қашықтықты сақтау, жөтелу, түшкіру кезінде ауызыңызды біржолғы салфеткамен жабу, қолыңызды жиі жуу).

Емхананың медицина қызметкері Сізді күн сайын (14 күн) қарап-тексереді және 10 күн күнделікті телефон шалу арқылы жағдайыңызды анықтайтын болады.

Сіз Сингапур, Тайланд, Малазия елдеріне барып келсеңіз:

  • күн сайын 2 рет дене температурасын өлшеу;
  • үй-жайда кем дегенде 2 рет терезе ашып желдету
  • күн сайын сулы жуып-жинау жүргізу;
  • қолды жиі сабынмен жуу;

Емхана медицина қызметкері Сізді күн сайын (14 күн) қарап-тексереді және 10 күн телефон шалу арқылы жағдайыңызды анықтайтын болады.

Сіз Вьетнам, Германия, Австралия, АҚШ, БАЭ, Ұлыбритания, Франция елдеріне барып келсеңіз:

Жоғарыда көрсетілген алдын алу шараларын орындауыңыз қажет және емхана медицина қызметкері күн сайын 24 күн телефон шалу арқылы жағдайыңызды анықтайтын болады.

Қытай Халық Республикасынан келген барлық адамдар оқшаулау арқылы 14 күн медициналық мекемеде карантинге жабылады, кейін 10 күн медициналық қадағалауда болады.

Негіздеме: ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020.26.02. №9 Қаулысының 2- қосымшасы


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: