-
СҚО денсаулық сақтау басқармасының 2018.20.03. № 144 бұйрығын орындау мақсатында, балаларда туберкулезді ерте анықтау және профилактикасы сұрақтары бойынша білім деңгейлерін арттыру мақсатында емханада екі күндік семинар өткізілді.
-
Наурыз мейрамының қарсаңында біздің емдеу мекемеде мерекелік шара өтті
Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. "Наурыз" сөзі парсы тілінен аударғанда "Жаңа күн" деген мағынаны береді. Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы ретінде Алдыңғы және Орта Азия халықтары тойлайды.
Акушериялық-гинекологиялық бөлімше мамандарына жазылу ашылды
2017 жылғы 09 қаңтардан бастап «Электрондық тіркеу орны» арқылы акушериялық-гинекологиялық бөлімше мамандарына жазылу ашылғанын мәлімет үшін хабарлаймыз.
Бас дәрігердің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 170-ө бұйрығымен емханада алғашқы рет «Хромзавод», «Черемушки», «Заречное» шағынаудандарында отбасылық түрдегі 6 дәрігерлік учаске ұйымдастырылды. 2016 жылғы 1-ші қарашадан бастап емделушілерді жалпы практика дәрігерлері қабылдайды. Учаскелердің бұрынғы нөмірлері сақталған.
Жыл сайынғы тіркеу науқанының басталуына байланысты (2016 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаны қоса алған уақыт аралығында) М.Әуезов к. 130 мекенжайында орналасқан «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК қызмет көрсететін аумақтарында тұратын және Петропавл қаласының бірде бір емханасына бұрын тіркелмеген тұрғандарға жеке куәлігімен емхананың тіркеу орнына келулеріңізді және ерікті түрде өтініш толтыруларыңызды сұраймыз.
«Отбасы – өмірдің сиқырлы символы» фотосуреттер конкурсы
Құрметті болашақ аналар. 11 қыркүйекте Қазақстанда отбасы күні мерекесі аталып өтеді. «Босануға дайындық мектебі» атаулы күнге орай «Отбасы – өмірдің сиқырлы символы» фотосуреттер конкурсын жариялайды. Жүктілік кезіңізде отбасы мүшелерімен түскен фотосуреттеріңізді күтеміз.
Акушериялық-гинекологиялық және педиатриялық бөлімшенің Call-Орталығы
2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап акушериялық-гинекологиялық бөлімше мен педиатриялық бөлімшеге 625-626- телефоны арқылы хабарласуға болады.
Медицина қызметкерлерінің күніне арналған спартакиада өтті
Кәсіби мереке алдында солтүстікқазақстандық медицина қызметкерлері ақ халаттарын спорттық киімге ауыстырып, 11 маусымда «Қарасай» стадионында медицина күніне арналған спартакиадаға қатысты. Спорттық жарысқа 32 команда қатысты. Бұл жарыстар облыста жыл сайын өткізіледі.
Халықаралық балаларды қорғау күні
Соғыстан кейін 1949 жылы Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының қараша айындағы конгресінде мейрам ресми түрде бекітілді. Әлемдік тарихта Балаларды қорғау күні алғаш рет 1950 жылғы 1 маусымда атап өтілді. Осы іс-шаралардың мақсаты - өзі үшін күресе алмайтын балалар мәселелеріне назар аударуға бағытталған. Ұйымдастырушылар ең бастысы балаларды аштықтан және соғыстан қорғағылары келген.
2016 жылғы үздік мейірбике» конкурсы
Халықаралық мейірбике күніне орай 2016 жылғы 12 мамырда біздің емханада «2016 жылғы үздік мейірбике» атағына конкурс өткізілді. Бұл атаққа 5 үміткер күресті.