«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М. Х. Ембергенованың төрағалығымен ақыл-ой кемістігі бар балаларды санаторлық -курорттық емдеуге жіберу мәселелері жөнінде 2023 жылғы 5 шілдеде өткізілген жұмыс кеңесінің хаттамасын орындау үшін «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 283 бұйрығы бойынша медицина қызметкерлері арасында ақпараттық - түсіндірме жұмысы жүргізілді.