Бұл - тәжірибемен алмасу, танысу, кәсіби көмек пен достық қолдау алу, сонымен қатар жаңалықтармен танысу мүмкіндігі.
Кездесуде емшек сүтімен қоректендіру бойынша консультант, «Сүт көмегі» ана сүтімен қоректендіру консультациясы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Мартынова Юлия кеңес береді. Емшек сүтімен және аралас қоректендіру, қосымша тамақтандыру сұрақтары бойынша кеңес ала аласыз.
Босануға дайындық және емшек сүтімен қоректендіру кезіндегі контрацепция туралы сұрақтарыңызға жауапты акушер Оксана Анненковадан ала аласыздар. Дені сау бала кабинетінің фельдшері жас нәресте күтімі бойынша көмегін береді.
«Мася» интернет дүкені ана мен балаға арналған заттар, бірнеше рет пайдалануға болатын жөргектер, слингі және тағы басқа пайдалы заттар туралы әңгімелейді.
Болашақ аналарды, жас нәрестелі аналарды, балаларды, немерелерін күтуге көмектесетін ата-әжелерді шақырамыз!
Кездесуге қатысты сұрақтарды мына телефон арқылы білуіңізге болады 50-04-84; 8-777-135-24-38; 8-707-687-38-82; 625-626- 315
Кездесу 2016 жылғы 23 сәуірде сағат 11-00-де «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-де мына мекенжайда өтеді: Ульянов көшесі, 64,307-кабинет