№1 қалалық емхана ШЖҚ КМК әкімшілігі медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдарға ғана медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы хабарлайды. Сәйкесті лицензиясыз және біліктіліксіз медициналық қызметтер көрсетуге жол бермеу, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін тәуекелдерді барынша азайту үшін:
- «Шығыс медицинасы», «қытай медицинасы», «ине терапиясы», «мануалды терапия» атауларымен қызмет көрсететін жеке орталықтарға жүгінген кезде медициналық ұйымдар мен мамандардан: медициналық қызмет көрсетуге лицензияның; маман сертификатының (біліктілігін растайтын құжаттың) болуын растайтын құжаттарды сұрау; лицензиялық талаптар мен санитарлық нормалардың сақталуына назар аудару;
- Медициналық қызметтерді заңсыз көрсету фактілері туралы ақпарат анықталған кезде «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті» РММ мекенжайына тиісті материалдарды дереу жіберу қажет.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз!
Официальный сайт https://1gorpol.kz/
Facebook https://www.facebook.com/1qalalyqemhana
Instagram https://www.instagram.com/1qalalyq_emhana
