Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халықтың әлеуметтік осал санаттарын қамтуды кеңейтеді.
Бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде шамамен 16,8 млн адам сақтандырылған, оның 12,3 млн-ы жеңілдікті санаттарға жатады.
Бұл ретте 3,6 млн адам жүйеден тыс қалады. Бұл:
- 2,5 млн — өмір сүру деңгейі жақсы және қанағаттанарлық азаматтар;
- 1,1 миллион — әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыстық (Д) және шұғыл (Е) деңгейлеріндегі азаматтар: бұл үш ай бойы жұмыс істемейтін және міндетті зейнетақы жарналары жоқ, отбасының негізгі қажеттіліктерін әрең жабатын табысы төмен адамдар.
- әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында — msqory.kz;
- SaqtandyryBot Telegram боты арқылы;
- мобильдік қосымшаларда: Qoldau 24/7, Damumed, сондай-ақ ЕДБ қосымшаларында (Kaspi, Halyk, ЦКБ, Freedom, Bereke, Home CREDIT, Еуразиялық банк, ForteBank).
Қабылданған заңға сәйкес дағдарыстық және шұғыл деңгейдегі азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеу жергілікті атқарушы органдарға жүктелген. Жарналар адамның медициналық көмекке жүгіну фактісі бойынша төленеді, бұл қажетті медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Осы шаралардың арқасында 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-ға жуық адам қамтылатын болады.
Медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу қажет.
МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге болады:
