KZ

RU
Call-Орталығы:
626-226, 630-163

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда туберкулез ауруының деңгейі 11% төмендеді

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ақмарал Әлназарованың басшылығымен өткен Алқа мәжілісінде туберкулезге қарсы күрес көрсеткіштері ұсынылды.

Елде туберкулезбен сырқаттанушылықтың одан әрі төмендеуі байқалады: ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тыныс алу органдарының туберкулез деңгейі 10,8% - ға төмендеді.

Туберкулез бен обыр ауруына шалықққан науқастарды ерте анықтау жұмысын арттыру үшін алғаш рет көтермелеудің КЖНЫК бонустық жүйесі енгізілді: МСАК қызметкерлері туберкулез және онкологиялық ауруларды анықтағаны үшін 5 АЕК-ке дейін ала алады - төлемдер тоқсанына 2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін. Шара мамандарды ауруларды ерте кезеңде анықтауға ынталандыруға бағытталған. Алдын алу жүйесі негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Бүгінгі таңда фтизиопульмонология орталықтарында 81 мыңға жуық ауырғандармен байланыста болған тұлға есепте тұр. Тәуекелі жоғары топты флюорографиялық тексеру жоспары 97,5%-ға, міндетті контингент 96,3%-ға орындалды. Республикада 26 фтизиопульмонология орталығы жұмыс істейді, қақырықты жинайтын 2169 пункт жұмыс істейді, 3523 төсек орны жұмыс істейді.

2025 жылы туберкулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін және нормативтердің сақталуын бағалау үшін 2233 тексеру жүргізілді.

Ақмарал Әлназарова ауру деңгейінің одан әрі төмендеуі профилактиканы күшейту, қызметті жаңғырту және қаржыландыруды жетілдіру кезінде ғана мүмкін болатынын атап өтті.

Министрдің тапсырмалары:
  • Алдын алу және ерте анықтау басымдығын күшейте отырып, туберкулезге қарсы іс-шараларды қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау;
  • Фтизиопульмонология ұлттық ғылыми орталығы мен бейінді бөлімшелер қызмет құрылымына талдау жүргізіп, қызметті жаңғырту және туберкулезге қарсы күрес жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған Жол картасын дайындау;
  • өңірлік денсаулық сақтау басқармалары - сырқаттанушылық бойынша жағдайды ерекше бақылауға алып, профилактикалық іс-шаралардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету.

Возврат к списку


Call-Орталығы:
626-226, 630-163

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: