Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету реформасы шеңберінде денсаулық сақтау министрлігі баға белгілеудің жаңа жүйесін енгізді.
Өндірушінің бағасын тіркеудің бірыңғай тәсілі, маркетингтік және көлік үстемелерін алып тастау, генериктерге бағаны 30% - ға төмендету, сондай-ақ халықаралық рефераттау объективті шекті бағаларды қалыптастыруға және негізсіз қымбаттауды болдырмауға мүмкіндік береді.
«Осы шаралар нәтижесінде 2026 жылға сатып алуларда 2025 жылмен салыстырғанда көптеген препараттардың бағасы 50% - дан 300% - ға дейін төмендеді, ал жалпы үнемдеу 36 млрд теңгеден асты», - деп атап өтті Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Осының нәтижесінде елдегі дәрі-дәрмек бағасы 50%-дан 300%-ға дейін төмендеп, жалпы үнемдеу 36 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты Өндірушінің бағасын тіркеудің бірыңғай тәсілі, маркетингтік және көлік үстемелерін алып тастау, генериктерге бағаны 30%-ға төмендету, сондай-ақ халықаралық рефераттау объективті шекті бағаларды қалыптастыруға және негізсіз қымбаттауды болдырмауға мүмкіндік береді.
Мысалы,
- Иматиниб дәрісі 9 450 теңгеден 2 348 теңгеге дейін,
- Бевацизумаб 360 000 теңгеден 77 000 теңгеге дейін арзандаған.
Дәрі-дәрмектерді сатып алу шеңберінде қымбат онкологиялық препараттарды қоса алғанда, 66 позиция бойынша бағаның төмендеуіне қол жеткізілген.
Отандық жетекші фармацевтикалық өндірушілер жаңа қағидаларды қолдады. «Нобель АФФ», «Абди Ибрагим Глобал Фарм», «Химфарм», «Kelun-Kazpharm» компаниялары және басқалары жеткізілетін препараттардың бағасын бейімдеп, желісін кеңейтті..
Үнемделген қаражат қымбат емдеуді қажет ететін пациенттерді қамтамасыз етуге жұмсалады.
