«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК 2025 жылғы 8 желтоқсанынан бастап фильтр кабинеттері бұрынғы режимде жұмыс істейтінін хабарлайды.
Фильтр кабинеттері - ЖРВИ, тұмау және басқа инфекциялардың белгілері бар кезде шұғыл түрде қарап-тексеруден өтуге, ұсыныстар алу және қажетті зерттеулерге жолдама алу үшін жүгінуге болатын бірінші буын. Тұрғындардан аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде тұрғылықты жері немесе тіркелген жері бойынша емхана фильтріне жүгінулерін сұраймыз!
Уақтылы емдеу асқынуларды болдырмайды және айналаңыздағы адамдарға инфекцияның таралу қаупін азайтады. Өзіңізді және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар!
