17 мамырда біздің емхана базасында Дүниежүзілік артериялық гипертензиямен күрес күніне орай «Қан қысымыңызды дәл өлшеңіз. Үнемі бақылауда ұстап, ұзақ өмір сүріңіз!» шарасы өтті, әрбір адам қан қысымын өлшей алды, сондай-ақ қан қысымының алдын алу, ми қан айналымының жіті бұзылуының алғашқы белгілері, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, тұзды шамадан тыс тұтыну, физикалық белсенділікті насихаттау және меланома мен тері қатерлі ісігінің алдын алу бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.