KZ

RU
Call-Орталығы:
626-226, 630-163

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Последние сообщения блогов

Құрметті блогыма келушілер!

11774.jpg

Блогымда Сіздермен сұхбат жүргізе алатыныма шын жүректен қуаныштымын!

Осы интерактивті ресурс Сіздермен ашық сұхбаттасудың, денсаулық сақтауды дамыту мәселелерін және біздің емханада сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесін талқылаудың оңтайлы алаңы болады деп сенемін.

Мен және менің әріптестерім, сындарлы сұхбат жүргізуге дайынбыз. Біздің құзырымызға қатысты қойған сұрағыңыздың бірде-бірін жауапсыз қалдырмауға тырысамыз.

Біздің емханадағы медициналық көмек көрсету мәселелеріне көңіл бөлгеніңізге және біздің азаматтардың денсаулығын жақсарту бойынша сындарлы ұсыныстарыңыз үшін Сіздерге ризашылық білдіремін.

Бәріміз бірлесіп қана медициналық қызмет көрсету деңгейін көтереміз, тіркелген халықтың денсаулығын нығайтамыз және азаматтарымыздың өмір сапасын жақсарта аламыз.

Блогымызға қош келдіңіздер және қарым-қатынасымыз екі жақты тиімді болсын!



Құрметпен,
«№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК директоры
Николай Новиков


Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жанқиярлық ерліктің, еңселі елдіктің рухы биіктеп, Жеңістің жалауы желбіреген күн. Ел тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы бейбіт күннің арқасы. Ұлы мереке қарсаңында  сіздерге зор денсаулық, тіршіліктің ұзақ әрі жарқын, алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілеймін! Отбасыңыз аман болсын, тыныштық орнаған заман болсын!

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.

Наурыз мерекесі құтты болсын!

Табиғаттың қайта түлеп, тіршіліктің жаңарған күні — Наурыз мерекесі құтты болсын! Бұл ұлы мереке адамдардың арасындағы бауырмалдықты, бірлікті, татулықты паш етеді.
Барша халыққа ырыс пен береке, тыныштық пен бейбітшілік тілеймін. Өмірлеріңізде жаңа белестер мен жетістіктерге жетіп, әрқашан алға қарай қадам басыңыздар.
Наурыз — жаңа бастаманың, жаңа үміттің белгісі. Осы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін. Қуаныш, денсаулық, сәттілік болсын!

Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 — наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі — көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Cіз өтіп бара жатқан жылмен қоштасарда, әдетте келер жылға үлкен үміт артамыз. Өткен жылдың әрбір күні қай-қайсымыздың да төзімділігімізді тексерген сынақтарға толы болды. Біз мүлдем жаңа, нақты жағдайда өмір сүруге, білім алуға, жұмыс істеуге дағдыландық.
  Жаңа  жылдың қарсаңында шын жүректен Сіздерді  Жаңа жылмен құттықтаймыз!!!  Жаңа жыл әрбір шаңыраққа қуаныш пен бақыт әкелсін! Барлық ізгі тілектеріңіз бен үміттеріңіз еселене  орындалсын!
Жаңа  жылдарыңызбен!!!


Call-Орталығы:
626-226, 630-163

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208
Пациенттерді қолдау қызметі:
625-325, 630-164, +7 (775) 0963064
Аптека: 630-165, +7 (775) 0963065

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: