Гипертония — артериялық қысымның тұрақты не кезеңмен көтерілуімен сипатталатын ауру. Қан қысымы жүрек-қантамырлары мен бүйрек жүйелерінің бірлескен жұмысынан туындайтын фактор, осы жүйелердің бірінің жұмысы бұзылған жағдайда ол көтерілуі мүмкін.
Осылай, гипертония қысымның көтерілуі негізгі немесе жалғыз белгісі болып табылатын эссенциалдық гипертония және қан қысымының көтерілуі қандай да бір аурудың салдарынан болатын салдарлық гипертония болып бөлінеді.
Оның дамуының негізгі алғышарттары тұқым қуалаушылық, ұзақ уақыт психоэмоциялық жүктеме, аз қозғалу, салауатты өмір салтын қадағаламау, никотин мен ішімдікке салыну, артық салмақ қосу болып табылады.
Гипертониялық ауруларды диагностикалау үшін қан қысымын және тамырдың соғуын өлшеу, көз түбінің жағдайын офтальмологиялық зерттеу жұмыстары қолданылады. Бүйрек гипертониясын анықтау үшін несеп талдауына және бүйрек жағдайын зерттеуде құрал-аспаптық әдістері қолданылады.
Гипертония көбінесе 20-30 жыл ішінде баяу түрде, біртіндеп дамиды.
Гипертония ауруын емдеуде диета маңызды орынды алады. Науқастарға тұзды қолдануды шектету, никотин және кофеден, ішімдіктен бас тарту ұсынылады. Көкөністерді және жемістерді, ашытылған сүт өнімдерін көп қолдану керек.
Өмір салтын өзгерту де үлкен маңызды орынды алады. Ұйқы мен демалыс режимін қадағалау, күнделікті бірқалыпты дене жүктемесі, күйзелістің болмауы, қалыпты, ырғақты тіршілік – гипертониямен ауыратын науқас жағдайының сауығуы немесе бірқалыптылығы үшін қажетті жағдай.
Гипертонияны емдемеу - миокард инфарктына, инсультке, өмір сапасының жалпы төмендеуіне әкеп соғады.