Бугрова Татьяна Геннадьевна
Бөлімше меңгерушісі м.а., 1-ші біліктілік санаты бар, жұмыс өтілі 14 жыл.
Телефон:
Дуброва Татьяна Александровна
Бөлімшенің аға мейіргері, 1-ші біліктілік санаты бар, жұмыс өтілі 13 жыл.
Телефон:
Мамандандырылған көмек бөлімшесі қалалық емхананың бөлімшесі болып табылады. Бұл бөлімшеде «бейінді» маман дәрігерлер шоғырланған: кардиолог, эндокринолог, невропатолог, хирург, инфекционист, маммолог, ревматолог, травмотолог-ортопед, отоларинголог, офтальмолог, ревматолог, уролог, фтизиатр.
Кардиолог кабинеті Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының көптеген түрлеріне жол бермеуге қатысты сәйкес алдын алу шараларын тағайындау, диагностикалау, емдеу. Кардиолог ауруды тікелей емдеумен қатар емделушілерді сауықтыру (қалпына келтіру) жұмыстарына жұмылдырылған. Дәрігер қарағаннан кейін қажетті зерттеулерді тағайындайды: қанның биохимиялық талдауы, қандағы қанттың талдауы, ЭКГ. Холтерлік мониторлау, жүрек УДЗ, жүктемелік сынама, көкірек рентгенографиясы.
Эндокринолог кабинеті Эндокриндік жүйе ауруларын емдеу және диагностикалау (қант диабеті, қалқаншабез аурулары, гипофиз, гипоталамус және т.б.).
Невропатолог кабинеті Жүйке жүйесі (жұлын, ми) қызметімен байланысты, сонымен қатар перифериялық нерв жүйесі ауруларын диагностикалау және одан әрі емдеу.
Хирург кабинеті Емхананың хирургия кабинетінің негізгі міндеттері хирургиялық аурулары бар барлық науқастарды диагностикалау және зерттеу үшін қабылдау және емдеуге жатқызуды қажет етпейтіндерді емдеу. Науқастарды консервативті және шұғыл әдістермен емдейді. Науқастардың көпшілігі таңу, дәрі құю және басқа ем-шараларды қабылдау үшін қайта барады. Емхананың хирургия кабинетінде әдетте науқастың жалпы жағдайын маңызды түрде бұзбайтын көлемі жағынан үлкен емес операция жасалады.
Инфекционист кабинеті Инфекционист тағайындаған талдаулар мен зерттеу: флораға посев пен сүртінді; ПЦР-диагностика; қанның биохимиялық талдауы, ішек және респираторлық ауруларға серологиялық диагностика; вирустық гепатитке қандағы маркерлерді анықтауға талдау; ИФА-қанның иммуноферменттік талдауы.
Маммолог кабинеті
Сүт безіне қатысты аурулардың диагностикасы, сонымен қатар емдеу және осы салада аурулардың асқынуына жол бермеуге қатысты алдын алу шараларын жүзеге асыру..
Зерттеу әдістері ретінде және оның есебінен патологияны әрі қарай диагностикалау үшін олардың келесі түрлері тағайындалуы мүмкін:
- маммография (осы зерттеу аясында сүт безі рентген көмегімен зерттеледі);
- сүт бездерін ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ);
- материалды онкологиялық талдау үшін биопсия әдісімен алынған тінді зерттеу.
Травматолог кабинеті Травматолог тірек-қимыл аппаратын емдеу және алдын алу, диагностикалау жұмысымен, осы ағза жүйесіндегі патологияларды, жарақаттар және ауруларды емдеумен айналысады. Дәрігер шұғыл және жоспарлы көмек көрсетеді.
Отоларинголог кабинеті Мұрын, тамақ, құлақ, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және жанында орналасқан анатомиялық салаларды зақымдайтын ауруларды зерттейді және емдейді. Сонымен қатар отоларинголог ЛОР ағзалар, патология мен деффектілерді, ауруларды диагностикалау және алдын алу жұмыстарымен айналысады.
Офтальмолог кабинеті
Диагностикалау, тікелей көз сапасына қатысты емделушіге қажетті алдын алу шараларына сәйкес емдеу мен анықтау жұмыстарын таңдау. Окулист патологиялық жағдай-глаукоманы, торқабықтың ажырауы және катарактаны табу мақсатында көздің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейді.
Окулист көз жарақаттанған жағдайда жедел көмек көрсетеді, мысалы, көзге бөтен зат түскен жағдайда.
Кабинетте көз ауруын емдеу және диагностикалау үшін қазіргі заманғы құрал-жабдық бар.
Ревматолог кабинеті
Адамның сүйек-бұлшықет жүйесі, яғни буындар мен байланыстырушы тін ауруларын емдеу және диагностикалау.
Бірінші кезекте ревматолог қабыну үдерісін тоқтатуға, сонымен қатар ауыруды басу немесе ауыруды бәсеңдетуге тырысады. Осы мақсатта тиісті дәрі-дәрмектер тағайындайды, сонымен қатар түрлі физиошаралар, массаж, емдік дене шынықтыру кешендерін тағайындайды.
Уролог кабинеті Несеп жолы, несептамыр, қуықалды без және сыртқы жыныс органдары, несептасты ауру, бүйректің қабынуы, қуықтың қабынуы және жыныс жолдарымен берілген инфекция түріндегі салаларға қатысты (Жыныс жолдары арқылы берілетін арулар - хламидиоз, гениталдық герпес, уреаплазмоз және т.б.) ауруларды емдейді.