KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Акушериялық -гинекологиялық бөлімше

Тимофеева Марина Валерьевна

Тимофеева Марина Валерьевна



Бөлімше меңгерушісі, жоғары біліктілік санаты бар, жұмыс өтілі 40 жыл.



Телефон: 626-226 (қосымша: 309)






Исина Роза Константиновна

Исина Роза Константиновна



Бөлімшенің аға акушері, жоғары біліктілік санаты бар, жұмыс өтілі 40 жыл.

Телефон: 626-226 (қосымша: 312)








№1 емхананың акушерия –гинекология қызметіне 5 аумақтық учаске кіреді, барлық учаскелер орта медицина қызметкерлерімен және дәрігерлермен қамтылған.

Акушер-гинеколог дәрігерлер әйелдерге, олардың жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңінде акушерия-гинеологиялық көмек көрсетеді, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулықты қорғау, сонымен қатар репродуктивті жүйе ауруларының алдын алу, диагностикалау және емдеу бойынша қызметтерді ұсынады.

Тіркеу орны
Тіркеу орнында көрнекі ақпарат бар: маман дәрігерлердің қабылдау кестесі: учаскелік акушер-гинеколог, терапевт, стоматолог, маммолог және жатыр мойны патологиясы кабинетінің акушер-гинеколог дәрігері, сонымен қатар барлық емдеу және диагностикалау кабинеттерінің жұмыс кестесі.

  • тіркеу орнының жұмыс тәртібі үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін. Сенбі күні сағат 8.00-ден бастап 13.00-ге дейін.
  • акушер-гинеколог дәрігерлердің қабылдауына емделушілер алдын ала, тікелей немесе 625-626 телефоны бойынша өтініш білдіру жолымен жазылуына болады және емделушінің куәлік мәліметтерін, маманның қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп қабылдау жүзеге асырылады.
  • емделушімен «кері» байланысты қаматамасыз ету мақсатында дәрігердің қабылдау кестесі мен диагностикалау кабинетінің жұмысындағы өзгеріс туралы ақпарат беру үшін нақты телефоны көрсетіледі.

Клиникалық-диагностикалық зертхана.
Клиникалық-диагностикалық зертхана жүкті және гинекологиялық науқастарға міндетті зертханалық тексерудің алғашқы кешенін өткізеді: қан талдауы, несеп талдауы, қан тобын және резус-факторын анықтау, сүртінді бактериоскопиясы.

Қан үлгілерін алу кабинеті
Кабинетте түрлі зерттеу түрлеріне көктамырдан қан алынады:

  • Вассерман реакциясына қан,
  • HBsAg (гепатит В),
  • Емделушінің ақпараттандырылған келісімімен адамның имун тапшылығы вирусы (АИТВ),
  • Ұрықтың туа біткен аномалиясы мен хромосомдық ауруларды айқындау үшін сарысу генетикалық маркерге қанды зерттеу
  • қанның биохимиялық талдауы
  • резус-антиденелерге зерттеу

УДЗ кабинеті
Кабинетте келесі ультрадыбыстық зерттеулер өткізіледі:

  • ұрықтың туа біткен аномалиясы мен хромосомдық патологияны анықтау үшін ультрадыбыстық скрининг
  • гинекологиялық науқастарға УДЗ

Күндізгі стационар:
ТМККК аясында жүкті әйелдер мен гинекологиялық науқастарға стационаралмастыратын көмек көрсетеді.

  • Тәуліктік бақылауды қажет етпейтін асқынған жүктілік пен жүкті әйелдерге көмек.
  • Созылмалы гинекологиялық ауруларының асқынуын емдеу.

Жатыр мойны патологиясы кабинеті.
Жатыр мойны патологиясы кабинетінде жатыр мойынының астарлас және обыр алды ауруларын емдеу және диагностикалау жұмыстары өткізіледі:

  • Жатыр мойнының бейнекольпоскопиясы
  • Жатыр мойны ауруын радиотолқынмен емдеу
  • Жатыр мойнын диатермокоагуляциялау

Физиотерапиялық кабинет:
Әйелдердің жыныс органдарының ауруларын кешендік емдеу құрамында физиотерапиялық емшара жүргізеді.

Стоматология кабинеті:
жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге ТМККК аясында стоматологиялық көмек көрсетеді.

Әйелдер консультациясында терапевт дәрігер жүктіліктің 30 апта мерзіміндегі және медициналық көрсеткіштер бойынша «Д» есебіне алынған жүкті әйелдерді қабылдайды.

Маммолог дәрігер:
Акушер-гинеколог дәрігерлердің жолдамасы бойынша сүт безі ауруы бар әйелдерді қабылдайды.

Акушер-гинеколог жүкті әйелдерге:

  • Еңбек заңнамасы мен дәрігерлік қорытындыға сәйкес 084/е нысаны бойынша жүкті әйелді басқа жұмысқа ауыстыру, жеңіл және кәсіби зиянды жұмыспен байланысты емес жұмысқа ауыстыру туралы анықтама береді.
  • Студент, колледж, кәсіби-техникалық училище оқушыларына науқастану, карантин және басқа себептер туралы анықтама (№ 095/е нысанды);
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы;
  • Ауыр босанған әйелдерге босанудан кейінгі қосымша демалыс беріледі.


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: