KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК жас дәрігерлерге 1 млн теңгеге сертификат тапсырды

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК 8 жас дәрігерге 8 миллион теңгеге ақшалай сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті. Жас мамандардың әрқайсысы көтерме жәрдемақы ретінде 1 000 000 теңгеден алды. №1 қалалық емханаға 6 жалпы практика дәрігері, 2 резидент дәрігер: балалар невропатологы және оториноларинголог келді.

«Дәрігер-бұл өте қажет мамандық, адамдарға өте керек, олар сіздің қолдауыңыз бен қатысуыңызды қажет етеді. Қазір білікті мамандар қажет», - деді «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК директорының міндетін атқарушысы.

Директордың міндетін атқарушы Николай Алексеевич Новиков қызметке кіріскен жас дәрігерлерге еңбек жолының сәтті басталуын, пациенттеріне ең жақын адам ретінде қарауларын, ең ізгілікті және өмірлік маңызды мамандықты таңдағандарын бағалауды тіледі.

№ 1 қалалық емхана бүгінгі күні жас маман дәрігерлерді қолдау шараларын жүзеге асыруда. Жалдамалы пәтерде тұратын жаңадан келген дәрігерлер ай сайын жалдау ақысын алады.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: