KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Короновирустық инфекцияға қарсы вакцинаны қалай алуға болады

Вакцина алуға жазылу тәсілдері:

  • Damumed - тарау - «Вакцина алуға тапсырыс»;
  • eGov - тарау «Денсаулық сақтау»;
  • емхананың Call-орталығы- 62-62-26;
  • немесе өзіңіздің учаскелік медицина қызметкеріне өтініш жасау.

Вакцина тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша емханада жасалады. Өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын куәлігіңіз болуы керек. Вакцина алу алдында сауалнама, ерікті ақпараттық келісімді толтыруды сұрайды, жаднама береді. Дәрігер медициналық қарап-тексеру жүргізеді - температураны, қан қысымын, сатурацияны және т.б. өлшейді.

Екпе салынған азаматтардың барлығы 30 минут бойы медициналық мекемеде дәрігердің бақылауында болады. Одан кейін 3 күн бойы тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік дәрігер бақылайды. Сонымен қатар, әрбір екпе алған адамның қолына екпенің кері әсері мен шұғыл жағдайда байланысуға болатын емханалардың контактілері жазылған жаднама беріледі.

Вакцинаның екінші кезегін бірінші вакцина алғаннан кейін 21 күннен кейін алады. Телефоныңызға тәулік ішінде күні мен уақыты жазылған СМС хабарлама келеді.

Вакцина алуға қанша уақыт қажет:

КВИ вакцинасын алуға шамаман бір сағаттай уақыт керек.
10 минут — екпе алдында дәргердің қарап-тексеруі
15 минут — препаратты дайындау. Вакцина мұздатылған күйінде болғандықтан, емшара алдында оны жібіту керек.
30 минут — екпеден кейін бақылау. Екі екпе алғаныңыз жөнінде – вакцина атауы, екпе алған күні мен дәрігердің қолы қойылған жеке сертификат беріледі.

COVID-19 екпені кімдер салдырмайды?

  • 18 жасқа толмаған
  • Жүкті және бала емізетін әйедер;
  • Екпе алғанға дейін 2 апта бұрын және екпе алу кезінде ЖРВИ ауырған адамдар;
  • Екпе алдында дене қызуы 37оС жоғары;
  • жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар анықталса;
  • созылмалы аурулар асқынса және аллергиялық реакция болса;
  • дәрігердің медициналық қарап-тексеруінен өтпеген;
  • медициналық қарсы көрсетілімі бар.

Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: