KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Психолог мамандарға арналған семинар өтіп

7 сәуірде психолог мамандарға арналған семинар өтіп, короновирус пандемиясының адамдардың өміріне әкелген ықпалы талқыланды. COVID-19 пандемиясы жағдайында оның зардабын азайту мақсатында халықтың психикалық денсаулығы үшін ұйымдастырушылық қолдау көрсету қажет.

Қалыпты жағдайда әрбір адам өзінің көңіл-күйін жеке белгілі деңгейде өзі реттеп, өзінің жұмысын ұйымдастыра алады. Ал төтенше жағдайлар кезінде ұзақ уақыт стресстік жағдайда адам өздігінен жеңіл және тиімді ұйымдастыру қабілетіне дайын ба? Кез келген адам өзінің жай-күйін уақытылы тежеп немесе кәсіптік психологиялық көмек алуға сұранысын құрастыра алмайды. Персоналмен, пациенттермен, пациенттің, персоналдың туысқандарымен, қызметтік жұмысын атқару барысында немесе жұмыстан тыс науқастанған персоналмен жұмыс жүргізу үшін (қашықтан және жеке байланыс түрінде) психолог мамандарды тарту мекемеде медициналық көмектің тиімділігін біршама арттырады және адамның сәйкесті психологиялық статусын сақтап қалуға септігін тигізеді.

Тіпті қысқа уақытқа назардан тыс қалдыру немесе психологиялық алаңдаушылық факторының алдын алу және түзету мәселесіне немқұрайдылық таныту тіпті психикасы тұрақты адамдардың көңіл-күйінің бұзылуына, бұрын қалыптасқан ұжымда да психологиялық ахуалдың нашарлауына, пациенттердің дәрігер тағайындаған емге сенімінің төмендеуіне, пациенттің туысқандары тарапынан эмоциялық қысым және эмоциялық мазасыздыққа әкелуі мүмкін


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: