Онкологиялық аурулардың алдын алу онкүндігін өткізу барысында 2021.04.02. Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара барысында әрбір адам онкологиялық аурулардың алдын алу және саламатты өмір салтын ұстану, репродуктивтік денсаулығын сақтау, мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу, ішімдік ішу, темекі тартудан бас тарту бойынша туындаған сұрақтары бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Профилактикалық қарап-тексерулер мен скринингтен бас тартудың әкеп соқтыратын зардаптары туралы халықтың білімін арттыру, онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скрининг бағдарламасына белсенді қатысуына, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі бағытында халықпен жұмыс жүргізілді. Онкүндік аясында санбюллетеньдер, ақпараттық стендтер, Денсаулық бұрыштары, сұрақ-жауап тақтасы ілінді, әңгіме, сұрақ-жауап сағаттары, Денсаулық мектептерінде осы тақырыпқа сабақтар өткізілді.