Өткен жылдың желтоқсан айының соңында қытайдың Ухань қаласында белгісіз пневмонияның өршуі туралы алғашқы ақпараттар тіркелді. . Қаңтар айында эпидемиолог мамандардың зерттеуінше, аурудың қоздырғышы - коронавирустың жаңа түрі - 2019-nCoV болып табылады. Алғаш ауырған адамның теңіз өнімдерін сататын базарға қатысы болған. Вирустың көзі Қытайда тағамға жиі тұтынатын жыландар, тышқандар, үй қояндары, тауықтар болуы мүмкін екені айтылған.
Коронавирус – вирустың 38 түрін қамтыған тұқымдас вирус, тек алтауы (жаңамен жетеуі) адамды зақымдайды. Вирус жануарлардан тараған және жұқпалы, яғни адамнан адамға берілу қабілеті бар.
Белгілері: бас ауруы, мұрынның бітелуі, кеуде тұсының ауруы, пневмония, дене қызуының көтерілуі, жүректің жиі соғуы, тыныс алудың қиындауы.
Алдын алу: ет және жұмыртқа өнімдерін сапалы өңдеу, қолдарыңызды антисептикалық сабынмен жуу, жануарларға жақындамау, суық тиген және тұмау белгілері бар адамдармен қарым-қатынасты шектеу керек.
Бүгінгі күні Қытай елінен біздің облысқа келгендер арасында аурудың тіркелуі анықталған жоқ.