2019.23.12. «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК «ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» РММ мамандарымен бірлесіп жасөспірімдердің снюс және басқа да түтінсіз темекі өнімдерін пайдалануының алдын алуға бақытталған акция өткізді. Шараның мақсаты – адам организміне құрамында никотині бар қоспалар мен шылымдардың зияндылығы туралы халықтың, оның ішінде жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру.
Бегенова Б.Б. шарада кіріспе сөзбен бастап, бейнефильм көрсетілді. «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК БПДО меңгерушісі нарколог дәрігер Н.С.Патютко «Снюс деген не және қауіптілігі неде?» тақырыбы бойынша дәріс оқып, слайдтар көрсетті. Акция соңында «Өнер колледжі – ДБМ кешені» КММ студенттері қатысып, музыкалық номерлерін көрсетті. Соңында СҚО ІІД қызметкері Ж.Б.Байгазина сөз сөйледі.