Қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жайсыздығына байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 20-29 жастағы халыққа қосымша вакцинациялау жасау туралы шешім қабылдады. Учаскелік қызметтің деректеріне сәйкес біздің емханада 3589 адам вакцинациялануы керек. Қосымша вакцинациялау емхананың терапия бөлімшесінің егу кабинетінде ( М.Әуезов к, 130), педиатриялық бөлімшенің егу кабинетінде (Ульянов к, 64), Жалпы дәрігерлік практика учаскесінде (Заречная 99а) және 5 егу бригадасы іске асырады.
Вакцинация қызылша, паротит және қызамыққа қарсы қауіпсіз кешенді вакцинамен жасалады. Екпе Сізді аурулардан қорғайды!