Әлемде жыл сайын шамамен 1 млдр-тан астам адам туберкулез ауруын жұқтырады. Туберкулез қоздырғыш микробактерия (Кох таяқшасы) ауа-тамшы жолымен таралады. Алдын алудың негізгі шарасы - перзентханада баланың өмірге келген 1-4 күні БЦЖ вакцинасымен иммунизациялау және 6 жастағы оқушыларды (1 сынып) ревакцинациялау.
Есте сақтаңыздар! Екпе жасалмаған бала - инфекция алдында дәрменсіз!
Ерте анықтап, сәйкесті ем қабылдаған жағдайда туберкулезді толық емдеуге болады. Диагностикалаудың негізгі шарасы – ересектерді флюорографиялық зерттеуден өткізу және қауіп тобындағы балаларға Манту екпесін жасау (жылына 1 рет).