Қоғамдық денсаулық департаментінің 2019.05.02. деректері бойынша Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қызылшаға күдік бар 52 жағдай тіркелген. 11 жағдайда «қызылша» расталған жоқ, 15 науқаста инфекцияны диагностикалау жұмысы жалғасуда. 28 адам стационарда жатып, ем қабылдап шықты, 9 адам ем қабылдап жатыр, 14 науқас амбулаторлық ем қабылдауда.
Біздің емханада инфекцияның 14 ошағы тіркелді. Ауырғандардың барлығы қызылшаға қарсы екпе алмағандар. Барлық анықталған инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды: науқаспен қарым-қатынастағы адамдарға медициналық бақылау жасалады, вирусологиялық зерттеу үшін биологиялық материал жинау ұйымдастырылды, 30 жасқа дейінгі қарым-қатынастағы адамдарға екпе жасалады. Сонымен қатар 12 айға дейінгі балаларға жоспарлы вакцинация және 6 жаста ревакцинация жүргізіледі.