Емхананың Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту бөлімшесінде сауықтыру емшаралары жүргізіледі:
- Оттекті коктейльдер
- электрмен емдеу
- магнитотерапия
- жоғары жиілікті электромагнитті өрістермен және механикалық тербелістермен емдеу
- жарықпен емдеу
- ингаляциялық терапия
- жылумен емдеу (озокеритпен емдеу)
- ЕФК (жеке және топтық сабақтар)
- массаж
- БОС – терапия.
2018 жылдың 12 айында бөлімшеде 2648 бала емделді, оның ішінде «травматология және ортопедия» бейіні бойынша – 1227адам, «неврологиялық аурулар» -792 адам, тыныс алу органдары мен лор-патологиясымен - 534 бала, «эндокринология» - 4 адам , басқа аурулар– 56 адам ем қабылдады. Оңалту көмегі 2438 ересек адамға көрсетілді, медициналық көмектің кепілді көлемі аясында 883 адам, ми-қан айналымының жіті бұзылысынан кейін 35 науқасқа, басқа аурулардан кейін 1520 пациентке көмек көрсетілді.
Бөлімшенің 2019 жылға міндеттері:
- инсульт алған және травматологиялық патологиясы бар науқастарды емдеуде жаңа инновациялық әдістемелерді енгізу
- қалпына келтіру емі мен оңалту емшараларын жүргізу кезінде пациенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру.