Жыл сайын 12 қарашада Пневмонияға қарсы күрес күні аталып өтеді. Мерекені халықаралық үкіметтік ұйымдар құрған. Оның мақсаты – мемлекеттік қайраткерлер мен дәрігерлердің назарын пневмонияға аударту.
Пневмония – өкпенің қабынуы, тыныс алу жолдарының ең ауыр ауруы. Оны емдеу жылдан жылға күрделі болып келеді, өйткені көптеген микробтарда қазіргі заманғы антибиотиктерге тұрақты иммунитеті қалыптасқан.
Пневмониядан әркім зардап шегуі мүмкін, көбіне балалар мен жасөспірімдер ауырады және 5 жасқа дейінгі балалар өлім-жітімділігінің негізгі себепкері де болады. Пневмониямен күресудің жақсы жеңіл әдісі – жақсы тамақтану және қазіргі заманғы вакцинация. Ата-ана өзінің баласын осындай ауыр аурудан иммунопрофилактика арқылы қорғауға болатынын білуге міндетті - 3 рет нәрестелерге қауіпсіз екпе егу : 2 айда, 4 айда және 1 жаста. Дүниежүзінде 50–ден астам ел пневмонияға қарсы вакцинацияны міндетті балалар екпесі тізіміне енгізген. Бұл ауру деңгейін 40% азайтуға мүмкіндік берген.