Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша әлемде үшінші жыл Антибиотиктерді дұрыс пайдалану аптасы өткізілуде (2018 жылғы 12-19 қараша).
Оның мақсаты - антибиотиктерге тұрақтылық проблемасы бойынша ақпараттылықты арттыру, халық пен медқызметкерлер арасында оларды дұрыс пайдалануды насихаттау . Осы жылы аталған апта «Антибиотиктерді қолданар алдында, денсаулық сақтау маманының кеңесін ал!» ұранымен өткізілуде.
Осы дәрілік құралдарды тиімді пайдалану, резистенттіліктің даму қаупін азайту үшін емханада «Антибиотиктерді тағайындау стратегиясы», «Антибиотиктерді тиімді пайдалану бойынша нұсқаулық» және пациенттерге арналған «Антибиотиктерді дұрыс пайдалану бойынша жаднама» әзірленіп, бекітілді.
Дәрігерлер алдында біздің емхананың сарапшы дәрігері С.Т.Джунусова тақырыптық баяндама жасады.