Петропавл қаласы бойынша туберкулезбен ауыру жағдайы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша әлі де болса алаңдушылық тудырады. Өткен жылдағы 59 қарсы, 66 жағдай тіркелген. Ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 30,2 ( 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 100 мың адамға шаққанда – 25,4) құрайды. №1 қалалық емханаға тіркелген халық арасында 21 ересек адамның ауырғаны тіркелді (19 – өкпе түрі) , балалар мен жасөспірімдер арасында анықталған жоқ. Көп жағдайда 40-59 жас аралығындағы адамдар (57%), ер адамдар, жұмыссыздар (66%), жартысы 2 және одан көп жылдар бойы тексерілмегендер.
Флюорографиялық тексерістен 20111 адам өтті, 1 жартыжылдықта жоспарланғандар санының 95%. Науқастардың көп саны осы әдіспен анықталды (13адам - 62%).
8662 үйлеріне бару арқылы, туберкулезге күдікті 6 адам анықталды, оның 4 туберкулезбен ауыратыны анықталды.
Туберкулездің таралуының деңгейін азайтудың негізгі жолы – ерте диагностикалау (флюорографиялық және бактериоскопиялық әдіс) және уақыт оздырмай емделуді бастау. Кеш анықтау науқасты емдеудің сапасын төмендетеді, отбасы мүшелеріне жұқтыру қаупін тудырады және халық арасында инфекцияның таралуына әкеледі.