Бүгін 27 шілдеде біздің емханада Әбілев Жеңіс Маратұлы болып, «SENIM» денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі туралы әңгіме өткізді.
Қайтадан құрылған «SENIM» кәсіптік одақ бірлестігінің басты стратегиясы – еңбек қатынастарын реттеуде жауапкершілікті арттыру, жалдамалы еңбек адамдарының әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғау, әлеуметтік серіктестікті дамыту, ұйымдастырушылық-қаржылық жұмысты жетілдіру, кәсіптік одақ кадрларының жауапкершілігін арттыру, олардың резервін дайындау, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысу.