Қалалық қоғамдық денсаулықты қорғау басқармасының деректері бойынша 2018 жылдың 3 айында Петропавл қаласында аса қауіпті инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай қалыпты. Қандай да бір қауіпті және карантинді инфекциялар жағдайы тіркелген жоқ.
Құтырмаға қарсы көмек алу мақсатында Петропавл қ. емханаларына жануарлар тістеген 113 адам жолданды (2017 жылдың осы кезеңінде – 123адам). Біздің емханаға 24 пациент (2017ж -27 адам) 15- ересек адам, 9-бала өтініш жасап, құтырмаға қарсы профилактикалық екпе алды.
Туберкулезбен ауру жағдайы алаңдатуда, Петропавл қаласында 29 жағдай тіркелген, өткен жылы 21 жағдай. 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 13,3 құрайды (2017ж 1 тоқсанда – 9,0 / 100 мың адамға шаққанда). №1 емханаға тіркелген халық арасында туберкулезбен ауыратын 10 адам анықталды. Балалар арасында анықталған жоқ.
Туберкулез ауруының деңгейін төмендетудің негізгі шарасы – ауру белгілері пайда болған жағдайда уақытылы тексерістен өту, ерте тиісті ем қабылдау. ТУБЕРКУЛЕЗДІ емдеп, жазуға болады!!!! Аурудың бастапқы белгілері пайда болғанда (жөтел, салмақ жоғалту, тершеңдік, кеуде қуысының ауруы, қан түкіру, ұзақ уақыт бойы дене қызуының көтерілуі) тез арада дәрігерге барып көріну қажет.