KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

2018 жылғы 1 тоқсанда профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді (скринингтер) өткізу туралы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты профилактикалық медициналық қарап-тексеруден (скриниг) өткізу ережесіне өзгертулер енгізді. 30-70 жастағы әйелдер жатыр мойны обырына тексеруден өту скринингін– 4 жылда бір рет өтеді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 1537 әйел тексерістен өтті, 37 әйелден обыр алды ауруы анықталды (2,4%). 40-70 жас аралығындағы әйелдер сүт безі обырына тексерістен – 2 жылда 1 рет өтеді. 735 әйел маммографиялық тексерістен өтті, 8 адамнан жаңа өскіндер анықталды (1,1%). Колоректалды обырдың қауіпті тобына 50-70 аралығындағы әйелдер мен ер адамдар жатады, 2 жылда 1 рет тексерістен өтеді. Өткен кезең ішінде 1397пациент тексеріліп, аталған ауру анықталған жоқ. Артериалық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қан диабеті, глаукоманы анықтауға скринингтік тексерістен 40 – 70 жас аралығындағы адамдар 2 жылда 1 рет өтеді. 2 мыңнан астам адам тексерістен өтті, қан диабетімен ауыратын 5 адам (0,2%) және глаукомамен 1жағдай (0,04%) анықталды.

№ 2, 3, 4, 21, 30 терапиялық учаскелерде скринингтік тексеріс өткізуде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер емханада тұрғылықты орны бойынша өткізіледі және ауруларды ерте анықтап, оларға тиімді ем қабылдау мақсатында жүргізіледі.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: