СҚО денсаулық сақтау басқармасының 2018.20.03. № 144 бұйрығын орындау мақсатында, балаларда туберкулезді ерте анықтау және профилактикасы сұрақтары бойынша білім деңгейлерін арттыру мақсатында емханада учаскелік мейірбикелерге, мектептің, интернаттың медицина қызметкерлеріне, балабақшалар мен шағын орталық мейірбикелеріне арналған екі күндік семинар өткізілді. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің фтизиопедиатр дәрігерлері ҚР негзігі заңнамалық актілері, туберкулинодиагностика сұрақтары, Диаскинттест өткізу, БЦЖ вакцинациясы және бақыланатын иммунопрофилактика бойынша белем берді. Семинар соңында барлық медицина қызметкерлері аттестациядан өтіп, туберкулездің алдын алу бойынша жұмысқа жіберлігені туралы сертификат алды.