KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Сенім пункті жұмыс істейді

2016 жылдың аяғынан АИТВ инфекциясының таларалуы бойынша эпидемиологиялық жағдай алаңдаушылық тудыруда. Ай сайын аурудың жаңа бірнеше жағдайлары тіркеледі. 19-39- жас аралығындағы жастар ауырады, көбіне есірткі пайдалану кезінде стерильденбеген шприцті барлығы бірдей қолданып қан арқылы парентеральды жолмен жұқтырады. Сонымен қатар инфекция қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде және АИТВ инфекциясы бар анадан балаға жұғуы мүмкін. Егер әйел ЖИТС облыстық орталығында бақылауда болмаса, нәрестеге жұқтыруды болдырмау бойынша дәрігердің нұсқамаларын орындамаса жүктілік, босануы және емшек сүтімен емізу кезінде нәрестеге жұқтыруы қаупі жоғары.

АИТВ-ЖИТС ауруларының қаупін төмендету үшін біздің емханада иньекциялық есірткі қабылдайтын, бірнеше жыныстық серіктестері бар - «қауіп» тобындағы адамдар үшін және сұрақтарына қажетті жауап, кеңес алу үшін Сенім пункті жұмыс істейді.


    Сенім пункті тегін және анонимді түрде қызмет көрсетеді:
  • пайдаланылған біржолғы шприцті стерильді шприцке ауыстыру;
  • жыныстық қатынас кезінде пайдаланылатын қорғаныс құралдарын беру;
  • психоәлеуметтік кеңес беру;
  • АИТВ инфекциясына экспресс тестілеу.



Сенім пунктінің мекенжайы:.Петропавл қ. Ульянов к. 64 (сыртқы есіктен кіру)
Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағ 9.00-дан - 17.00 дейін
Телефон 625-626 (қосымша 333).


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: