KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Педиатриялық бөлімшенің 2018 жылдың 1 тоқсанындағы жұмысы

2018 жылдың 1 тоқсанында емхана 14280 балаға қызмет көрсетті, оның ішінде 4357–і жаңа туғаннан 5 жасқа дейінгі балалар. 195 нәресте өмірге келді, оларды перзентханадан шыққан кейінгі үш күн ішінде дәрігерлер барып қарады, 87% емшек сүтімен қоректендіріледі. 2018.01.04. жағдай бойынша 1 жасқа толғандар саны - 179, дәрігерлер үйіне жүйелі барып қарағандары (15 рет емханада және үйіне барып)– 150 бала (84%). Өмірінің бірінші жылы бірде бір ауырмаған бала саны -232 (10%).

Жалпы баллар ауруы 20% азайды және 100 мың адамға шаққандағы саны 723,0 құрайды (2017.1 тоқсанда – 872,0). Бірінші орында тыныс алу органдарының ауруы, жіті ішек инфекциялары аурулары азайды, бірақ қызылшамен ауру саны 2 есеге артқан. Балалар арасында туберкулезбен ауру, АИТВ инфекциясын анадан балаға жұқтыру, қатерлі жаңа өскіндер жағдайы тіркелген жоқ (2017ж. 1 тоқсанында – 1 жағдайдан).

3360 бала профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтті, 145 балада бірінші патология анықталды, оның ішінде 94 бала емхананың Күндізгі стационарында ем қабылдады, 26 оқушы «Солнечный», «Балбұлақ», «Алатау» санаторийлерінде сауықтыру емін қабылдады.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: