Халықаралық мейірбике күніне орай 2016 жылғы 12 мамырда біздің емханада «2016 жылғы үздік мейірбике» атағына конкурс өткізілді. Бұл атаққа 5 үміткер күресті. Жеңіске жету жолы оңай болған жоқ. Конкурсқа қатысушылар 5 сынақтан өтуі керек болды. «Өзін-өзі» таныстыру конкурсында қыздар белгіленген уақыт ішінде өздерін таныстырды. Қатысушылар әділ қазылар алқасы мен көрермендерге қызықты презентация және бейнероликтер ұсынды.
Екінші конкурста кәсіби шеберлігі мен білімдерін көрсетуі тиіс болды. Қатысушылардың барлығы тапсырманы жақсы орындады. Үшінші сынақта жүргізушілер қатысушылардың эрудициясын тексерді. Соңғы конкурс «үй тапсырмасы» - қатысушылар шығармашылық талаптарын көрсетті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша «2016 жылғы үздік мейірбике» атағын Хабибуллина Виктория, «Көзайым ханшайымы» атағын Кильгянкина Евгения, «Көрермендер көзайымы» атағын Чернышова Юлия , «Эрудиция ханшайымы» атағын Иванова Инна, «Таң қалдырған ханшайым» атағын Алиса Гончарова иеленді. Қатысушыларға кәсіподақ комитетінен және спонсорлардан сыйлықтар табысталды.