KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Иммундаудағы кемшіліктерді жою

Жыл сайын, 2005 жылдан бастап, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамашылығымен Еуразиялық құрылықтың барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, Иммундау аптасы жүргізіледі.

Қазақстанда иммундау мәселелері Денсаулық сақтау саласында басты бағыттардың бірі болып саналады. Халыққа екпе өткізу арқасында вакцинамен басқарылатын жұқпалы аурулардың деңгейі біраз төмендеді.

Емдеу бағасымен салыстырғанда иммундау аурудың, өлімнің және жұмысқа қабілетсіздіктің алдын алу бойынша экономикалық жоғары тиімді шара. Қазақстанда вакцинация ақысыз өткізіледі. Бүгінгі күні иммундаудың баламасы жоқ.

Алдағы Иммундау апталығының мақсаты иммундаудың қажеттілік мәселелері бойынша оған мәлімет беруді жақсарту жолымен халықты екпемен қамту деңгейін жоғарылату және әр адамның егу арқылы алдын ала жұқпалы аурулардан қорғану құқығы болып саналады.

Иммундау саласындағы табыстар шешек, полиомиелит, сіреспе, қызылша, дифтерия сияқты қауіп төндіретін ауруларды ұмытуға мүмкіндік берді. Бүкіл дүние жүзінде өткізілетін бұқаралық иммундау жыл сайын қызылшадан бір миллионнан аса балаларды, сіреспеден үш жүз мыңын, туа біткен қызамық синдромынан бес жүз мыңын өлімнен сақтап қалады. Екпенің арқасында 3,5 млн. аса бала жыл сайын әр түрлі жұқпадан қайтыс болуына жол бермейді.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: