KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Емханада қайта ұйымдастыру басталды

Қазақстан Республикасында емхананың аралас жұмыс түріне ауысуы және жалпы практика дәрігерлерін (ЖПД) дайындау Денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі. Ол медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жоғарлату үшін жасалады. Халыққа медициналық қызмет көрсетудің отбасылық-аймақтық қағидаларын қалыптастыру жалпы практика дәрігерлеріне әр отбасындағы ересектер мен балалар денсаулықтарының мәселелерін білуге көмектеседі. ЖПД жұмысы қызмет көрсетудің отбасылық қағидаларына негізделгенін атап өту маңызды және ол ғылыми түрде дәлелденді, өйткені аурудың пайда болу себебі көбінесе өмір сүру салтына, тамақтануына және отбасындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты.

2015 жылғы 4 желтоқсанда СҚО Денсаулық сақтау басқармасы СҚО әкімдігінің «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК оған СҚО әкімдігінің СҚО Денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық балалар емханасы» ШЖҚ КМК қосу жолымен қайта ұйымдастыру басталды.

«Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының СҚО әкімдігінің №1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК қайта ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 432 қаулысының негізінде, мемлекеттік нормативке сәйкес ұйымдар желісін облыстың бастапқы медициналық көмек көрсетуіне әкелу мақсатында қайта ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 114 қаулысының негізінде болды.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

WhatsApp-менеджер: +7 (708) 4321208

Пациенттерді қолдау қызметі: 625-325

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: