KZ

RU
626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


        «№ 1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-нің
                         ресми сайты

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу – бұл Мемлекет басшысының қосқан зор үлесін құрметтеу күні.

Мемлекеттік мейрам - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні 2012 жылғы 1 желтоқсаннан бастап белгіленді. Халықаралық қауымдастықпен Қазақстан қазіргі заманғы демократиялық мемлекет ретінде танылды. Қазақстан Республикасының Президенті- Ел көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың белсенді әлеуметтік саясаты мемлекет үшін маңызды басымдықтардың бірі болып табылады.

   

2015 жылғы 26 қарашада біздің емдеу ұйымымызда Қазақстан Республикасы Президентінің күнін мерекелеуге орай салтанатты жиналыс болды. Емхана басшысы С.Т.Кашенцева ұжымды құттықтап, біздің халқымыздың еңбекқорлығы және ҚР Тұңғыш Президентінің саяси жігері еліміздің әлеуметтік өзгерістерінің жағымды құндылықтарын нығайтатынын атап өтті. Медицина қызметкерлері өзінің сапалы еңбектерімен біздің азаматтарымыздың денсаулықтарын жақсартулары керек және Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын қолдаулары тиіс.

   

Содан соң емхана жұмысына белсенді қатысқан қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған салтанатты іс-шара Облыстық филармония ұжымының мерекелік кешімен аяқталды.


Возврат к списку


626-226 (Call-Орталығы)

150000 Петропавл қаласы, М.Әуезов к-сі, 130


Мобильное приложение для записи на прием: