«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-де тәлімгерлер жұмысы жақсы дамыған. Дәрігерлер мен орта медицина персоналы қатарынан құрамында 14 маман бар Тәлімгерлер кеңесі құрылған. Олардың барлығының 20 жылдан астам еңбек өтілі, жоғары немесе бірінші санаты бар. Олар ұжымда құрметке ие және беделді мамандар. Тәлімгерлер қатарынан Тәлімгерлер кеңесі сайланды. Өз жұмысында тәлімгер ҚР нормативтік-құқықтық актілерді, Тәлімгерлік туралы ережені, Еңбек ынтымақтастығы жөніндегі келісімшартты, лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Өткізілген жиналыста тәлімгерлік туралы жалпы ереже, екі жақтың міндеттері қаралды, іс-шаралар жоспары әзірленді.
2015 жылы ұжымға 7 жас маман келді: 2 дәрігер, 5 мейірбике. Ұжым ішінде жақсы бейімделуі және мамандығы бойынша білім сапасын арттыруы, жұмыс орнында кәсіби біліктілігін арттыруы үшін олардың әрқайсысына тәлімгер бекітілген. Тәлімгерлер мүмкіндігінше тұрмыстық мәселелерін шешуге көмектеседі.