«№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да Отбасы күні мен Тілдер күніне орай салтанатты шара өтті. Биыл Отбасы күні 13 қыркүйекке келді. Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес бұл мереке қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі атап өтіледі.
Ал 22 қыркүйек күні Республика Қазақстан халқының тілдері күнін дәстүрлі атап өтеді. Бұл күн ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығымен жарияланды және барлық қазақстандықтардың ортақ мерекесі болды.
Емхана қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері белсенді қатысты. Түрлі ұлт өкілдері мәдениетін, тұрмысы мен ұлттық тағамдарын көрсетуге тырысты. Шара аясында конкурстар мен сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Мереке жылы, тату атмосферада өтті және ұсынған тағамдардың дәмін татумен аяқталды.